Домой Жаңалықтар Қазақстанда лотереялық нарық тиімділігі өте төмен

Қазақстанда лотереялық нарық тиімділігі өте төмен

77
0
0

Қазақстанда лотереялық нарық тиімділігі өте төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» ҚР Заңы қабылдау барысында мәлім болды.

«Бүкіл әлемде лотерея құмарлық элементі бар ең алғашқы және неғұрлым кең таралған ойын түрі. Қазіргі таңда лотерея өз идеологиясы бойынша құмар ойындар түрінен барынша алшақтанып келе жатқан дербес сала. Лотереяның мемлекетпен тығыз байланысының арқасында, сонымен бірге құмарлығы мен әлеуметтілік бағыттылығы бойынша дүниежүзіне кең таралуды. Алайда, Қазақстанда лотереялық нарық тиімділігі өте төмен болып отыр. Оның әлеуеті де дамуға сәйкес емес. Бұған жеке заңның болмауы да әсер етуде», — деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, заң жобасының аясында лездік және тираждық  лотереяларды өткізудің құқықтық негізі қаланады. Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу Үкімет айқындайтын Ұлттық операторға жүктелетін болады. Сонымен қатар, лотерея операторы болып табылмайтын өзге тұлғалардың лотерея өткізуіне тыйым салынады. «Лотереяға қатысушылардың ұтыс мүмкіндігінің теңдігі, ұтыс ойын нәтижелерін міндетті түрде баспасөз беттеріне шығару көзделеді. Лотереяның жүлде қорының мөлшерін елу пайызға қалыптастыру тәртібіне талаптар бекітіледі», — деді министр.

Бұдан бөлек, лотерея операторының лотерея билеттерін өткізуден түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың он пайызы мөлшеріндегі аударымдарды төлеу шарасы да қарастырылады.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here