Домой Жаңалықтар Қазақстанда педофилдер туралы мәлімет жазылатын сайт пайда болуы мүмкін

Қазақстанда педофилдер туралы мәлімет жазылатын сайт пайда болуы мүмкін

77
0
0

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген адамдар туралы интернет сайт пайда болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда сот жүйесін жетілдіру тақырыбында өткен халықаралық конференция барысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

«Осындай маньяктар туралы мәлімет жазылған сайт пайда болады. Кез-келген адам бұл сайттан ол туралы мәлімет алып, фотосын көре алады. Бұл халқаралық тәжірибе жақсы нәтиже беріп келеді. Қазір осыған қатысты заң жобасы әзірленіп жатыр», — деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Педофилдерді химиялық кастрациялау» туралы заң жобасы ҚР Парламент Сенатының қарауында жатыр.

«Бұл проблемадан мәңгі артылтпайды. Бірақ халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлердің 60 пайызының бұл әрекетті қайталауға ынтасы жоғалады», — деді И.Меркель.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here