Домой Жаңалықтар Қостанай әкімдігі жас баласы бар ананы қызметтік баспанадан шығара алмады

Қостанай әкімдігі жас баласы бар ананы қызметтік баспанадан шығара алмады

0

Қостанай қалалық соты азаматша М-ны және оның жас баласын үйден шығару туралы жергілікті әкімдік шағымын қанағаттандырмады.

Ішкі істер органдарының қызметкері ретінда азамат Д-ға мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік баспана берілген. Қызметтік баспананы жалға алушымен әкімдік арасында келісімшарт жасалған. Отбасы мүшелері санатына оның жұбайы мен ұлы қосылған. 2015 жылы азамат Д-мен азаматша М. арасындағы неке бұзылып, Д. қызметтік үйді жалға алу туралы келісімшартты бұзу туралы өтініш жазған.

Осыдан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысымен баспананы жалға беру келісімшарты негізінде пәтер өзге тұлғаға берілген.  Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 83-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жалға алушының отбасы мүшелерi  жалға алушының отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады. Азаматша М. және оның баласы әлеуметтік көмекті қажет ететін  отбасылар қатарынан саналады.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңның 14-бабының нормаларына сәйкес, әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар. Сот істің мән-жайын ескере отырып, азамат Д-ның отбасы мүшесі болып қалатын жас баланы үйден шығару әділдікке жатпайды деп тапты. Істің қаралу нәтижесі бойынша сот Қостанай қаласы әкімдігінің азаматша М-ны және оның жас баласын мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа баспана бермей үйден шығару туралы талап шағымын қанағаттандырмауға шешім шығарды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here