Домой Жаңалықтар Әлеуметтік сақтандыру қорында азаматтардың 15 санаты жарна төлеуден босатылады

Әлеуметтік сақтандыру қорында азаматтардың 15 санаты жарна төлеуден босатылады

182
0
0

Бұл туралы ҚР Парламенті қабылдаған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіруге арналған баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мәлім етті-деп хабарлайды baq.kz.

«ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің базасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады. Осыған байланысты ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан өтелетін төлемақының мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайтын болады. Сонымен қатар бұл мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4 пайыз, 2018 жылдан бастап 5 пайызға, 2023 жылдан бастап 6 пайызға, 2024 жылдан 7 пайызға сатылай түрде өсетін болады. Ал, жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады. Аталған аударымдар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады»,деді вице-министр.

«Аталған жарналар жұмыс берушілер үшін корпоративті табыс салығын есептеу кезіндегі, қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін жеке табыс салығын есептеу уақытындағы шегерімге жатқызылатынын атап өткім келеді. Яғни, 2017 жылы жұмыс берушілерге түсетін іс жүзіндегі салмақ 1,6%, 2018 жылы — 2,4%, 2019 жылы — 3,2%, 2020 жылы — 4% құрайтын болады», деп түсіндірді Алексей Цой.

Сөз соңында вице-министр әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты (халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобы) босатылатынын атап өтті. Олардың ішінде балалар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар; ҰОС ардагерлері мен мүгедектері; мүгедектер және басқа санаттар қамтылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here