Домой Жаңалықтар Қазақстан бұдан былай сотталғандарға рақымшылық жасамайды

Қазақстан бұдан былай сотталғандарға рақымшылық жасамайды

Қазақстан ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасамайды және бұл тәжірибеден түбегейлі бас тартпақ. Енді кешірім жасау туралы өтініш білдіргендер ғана бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет үйінің дәлізінде ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды vlast.kz-ке сілтеме жасап baq.kz.

«Рақымшылық – кеңестік кезеңнің сарқыншағы. Әрі қарай қалай болатынын білмеймін, алайда рақымшылық туралы заң (тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай – ред.) әзірленбейді», — деп атап өтті Қасымов.

Тұтастай алғанда, ІІМ басшысының айтуынша, Қазақстан сотталғандарға рақымшылық жасау тәжірибесінен кетіп, едәуір жаңа әдістерге көшеді.

«Халықаралық тәжірибе бойынша кешірім жасауды қолданамыз, өтініш беру – бостандыққа шығудың жалғыз жолы», — деп түсіндірді министр.

«Яғни, кімде-кім кешірім жасауды өтінсе (…), онда оны (бұл мәселені – ред.) комиссия қарайды», — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, елімізде бұған дейін сотталғандарға бірнеше рет рақымшылық жасалды. Соңғы рет ауқымды амнистия тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ