Домой Жаңалықтар Қостанай облысының әкімі өрттен зардап шеккен отбасына көмек берді

Қостанай облысының әкімі өрттен зардап шеккен отбасына көмек берді

41
0

9 қазанда түнде болған өрт Қостанайда тұратын Ырғызбаевтар отбасын барынан айырды. Мүліктері, киім-кешектері бәрі жанып, күлге айналды. Әйтеуір абырой болғанда отбасы мүшелері дін-аман. Оларға көптеген қала тұрғындары көмек қолын созып, киім-кешек, азық-түліктер, ыдыс-аяқ әкеліп берді. Отағасы қайырымды жандарға дән риза.

Көп балалы отбасына жергілікті билік те қол ұшын созды. Аймақ басшысының тапсырмасымен Қостанай қаласындағы жаңа үйден екі бөлмелі пәтер ұзақ мерзімге жалға берілді. Қазір пәтерде Сейіл мен Қапиза Ырғызбаевтар кіші ұлының отбасымен бірге тұрып жатыр.

Облыс әкімі өрттен жапа шеккен жандармен кездесіп, 600 мың теңгеге ақшалай сертификат табыстады. 300 мың теңгені қалалық әкімдік, тағы 300 мың теңгені демеушілер берген. Қиын жағдайды бастарынан өткергендеріне қарамастан Ырғызбаевтар отбасы өздерінің шаңырақтарын қалпына келтіруге тырысып, құрылысты келер көктемде бастауға ниеттеніп отыр.

Нравится(0)Не нравится(0)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ