Домой Жаңалықтар «Қостанай су» кәсіпорны тарифті көтеруді сұрайды

«Қостанай су» кәсіпорны тарифті көтеруді сұрайды

«Қостанай су» коммуналдық мекемесі тарифті көтеруді сұрайды .Себебі сумен қамту желілерін жаңғырту қажет. Бұл жөнінде кәсіпорын директорының орынбасары Игорь Киселев мәлімдеді.

Ол 500 шақырым су желілерінің 200 шақырымын ауыстыру керек екенін айтады. Кәріз желілерінде де осындай жағдай. Олардың 70 пайызы ескірген. Игорь Киселевтің айтуынша үкіметтің бағдарламасы бойынша биыл кәсіпорын Еуропалық қайта құру және даму банкімен несиелік келісім-шарт бекітті. Банк 2,4 млрд теңгені несие ретінде беріп, ал мемлекет тарапынан 1,6 млрд теңге бөлінеді. Әрине бұл қаражаттарды қайтару керек.

Мамандар 2017 жылы тарифті бір текшеге 112 теңгеге көтеруді сұрайды. Ал қазір 90 теңге. Тариф өсімі  24 пайызды құрайды. Сондай-ақ канализацияға тарифті де 24 пайызға көбейтуді жоспарлап отыр. Бүгінде қостанайлықтар бір текше 69 теңге төлесе ,жаңа жоба бойынша баға 90 теңгеге дейін өседі. Мамандар желілерді, технологиялық жабдықтарды ауыстырмаса алдағы жылдары мүлдем қызмет көрсетуге қауқары жетпей қалатынын айтады. Демек, желілерді ауыстыру олардың қызмет сапасына әсер етеді. Суық суға тариф өсетін-өспейтіні 12 желтоқсанда белгілі болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ