Домой Жаңалықтар Қостанайда ұлттық валюта көрмесі өтті

Қостанайда ұлттық валюта көрмесі өтті

ҚР Ұлттық банкінің Қостанайдағы бөлімшесі «25 жұлдызды күн» аясында банкноттар мен тиындар коллекциясының көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының мерейтойлық үлгідегі тиындары мен банкноттары арнайы басылымдар мен буклеттер беттерінде жарық көрді. Көрме ұйымдастырушылары өткенге саяхат жасап, келушілерге есепшілердің бұрынғы құралдарын — есепшоттар, автоматтық және электрондық үлгідегі алғашқы кассалық құрылғылар көрсетілді.

Қазақстандық тиындар мен банкноттар әлемге танылып, нумизмат коллекцияларында үлкен сұранысқа ие болған экспонаттарға айналды. Қостанайдағы көрмеге келушілер қандай қаржылық белгілердің халықаралық наградалар мен сыйлықтарға ие болғаны туралы ақпараттар алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ