Домой Жаңалықтар Қостанайлық азамат ет комбинатына «мина» қойды

Қостанайлық азамат ет комбинатына «мина» қойды

29 жастағы қостанайлық лаңкестік туралы жалған хабар таратқаны үшін тергеу оқшаулағышына қамалды.

облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен таратқан ҚазАқпараттың мәліметі бойынша, оқиға 16 қазан күні болған. 16:37-де «102» нөміріне ер адам қоңырау шалған. Ол Герцена көшесіндегі ет комбинаты аумағында кешке қарай жарылыс болатынын хабарлаған. Оқиға орнына бірден арнайы бөлім қызметкерлері барып жетті.

«Ақпарат расталмады. Ол жерден жарылғыш зат табылмады, — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. — Жедел арада 29 жастағы қостанайлық қоңырау шалғаны анықталды. Ол лаңкестік туралы жалған хабар таратқаны үшін қамауға алынды. ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер азамат тергеу оқшаулағышына қамалды».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ