Домой Жаңалықтар Қостанайлық мұрағатшылар Шоқан Уалихановтың қайда туылғаны жөнінде құжаттар іздестіруде

Қостанайлық мұрағатшылар Шоқан Уалихановтың қайда туылғаны жөнінде құжаттар іздестіруде

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ғалым Шоқан Уалихановақа арналған шағын экспозиция бар. Шоқанның және отбасының фотосуреттері, саяхат жоспарлары қойылған. Оның ғылыми ісіне ерекше орын бөлінген. Сондай-ақ мұражай қызметкерлері Шоқанның туған жері Қостанай облысы екенін растайтын құжат бар екенін айтады.

Алайда бірнеше жыл бойы ғалымдар Шоқанның қайда туғаны туралы дауласып келе жатыр. Бірқатар өлкетанушылар Әулиекөл ауданының Құшмұрын бекетінде немесе Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ауылында туғанын айтады. Мұны растайтын Шоқанның өзі құрастырған картада Күнтимес жері «біздің үй» деп көрсетілген. Осы дауға соңғы нүкте қою үшін Қостанайдың мұрағатшылары Қазақстанның және Ресейдің мұрағаттарына сауал жолдады. Мұрағат басқармасының бөлім жетекшісі Салтанат Тащанованың айтуынша олардың міндеті қазір танымал жерлестеріміз туралы көбірек материалдар жинау. Челәбінің, Омбының, Орынбордың мұрағаттарына, ұлттық архивтерге ұлттық кітапханаға, Шоқан Уалиханов атындағы институтқа  сауалдар жіберіп жатыр.

Омбыдан жауап келген. Онда Шоқанның туған жері туралы еш мәлімет жоқ болып шыққан. Есесіне қостанайлық мұрағатшыларға ғалымның жаңа шен алуының формулярлық тізімін жіберген.Енді Санкт-Петербургтің, Мәскеудің архивтеріне сауалдар дайындауда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ