Домой Жаңалықтар 1 маусымнан бері Қостанайда 6 адам суға кетті

1 маусымнан бері Қостанайда 6 адам суға кетті

155
0

Биылғы шомылу маусымы көптеген жайсыздықтар әкелді. 1 маусымнан бері Қостанай өңірінде 6 адам суға кетті. 15 маусымда Тобыл өзенінде 30 жасар ер адам судың құрбанына айналды. Куәгерлердің сөзінше ол мас күйінде суға түсуі мүмкін. Оны ағыс алып кеткен.

Құтқарушылар шомылу маусымы кезінде адамдар көбіне ішімдік ішіп суға кететінін айтып отыр. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жағдайды түзетуге тырысып, адамдар шомылатын жерлерде арнаулы рейдтер жүргізуде. Рейд кезінде қызметкерлер мен полицейлер орталық жағжай мен бірнеше жеке жағажайларды аралады.

Демалушыларға суда өзін қалай ұстау қажеттігі жазылған кітапшалар таратылды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қоғамдық орындарда, соның ішінде жағажайларда ішімдік ішкені үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Мұндай бұзушылық үшін 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2 мың теңгеден астам қаржы төлейді.Ал қайтадан құқық бұзса 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.