Домой Жаңалықтар 13 жастағы баланы көлігімен қағып кеткен Қостанай тұрғыны 5 жылға бостандығынан айырылды

13 жастағы баланы көлігімен қағып кеткен Қостанай тұрғыны 5 жылға бостандығынан айырылды

49
0

Қостанай қалалық № 2 соты 13 жастағы баланы көлікпен соғып өлтірген азаматқа қатысты үкімін жариялады.  Сот Вячеслав Девинді айыпты деп тапты.

Еске сала кетейік, 25 шілдеде шамамен сағат 21.40-та мас күйінде «Audi C4» көлігін басқарған Девин 103 км/с жылдамдықпен жүрген. Сөйтіп ол жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан баланы соққан. Бала оқиға орнында көз жұмды.

«Сот үкімімен  Вячеслав Девин 5 жылға бостандығынан айырылып, 3 жылға көлікті жүргізу құқығынан айырылады. Жазасын жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде өтейді. Сот азаматтық арызды құптап, Девиннен жапа шегушілердің пайдасына 1,5 млн. теңге өндірді. Үкім заңды күшіне енбеді», — деп хабарлады Қостанай облыстық соты.