Домой Жаңалықтар 2015 жылы отау құрған жұлдызды жұптар

2015 жылы отау құрған жұлдызды жұптар

338
0

2015 жыл Қазақстан шоу-бизнесінде отбасылық өмірдің жолына түскендер көп болды. «ҚазАқпарат» агенттігі биыл есте қаларлық қоғам назарында болған тойларды айта кетпек.

Нақтырақ айтқанда, «КешYou» тобының əншісі Айдана Меденова наурызда ұзатылды. Əншінің таңдаған жары «Индиго» мен FM топтарының продюсері  Əлішер Нұржанов.

Той Алматы мейрамханаларының бірінде өтті. 2015 жылдың қазанында Айдана мен Əлішердің шаңырағында қыз бала дүниеге келді.

Биыл бақытын тапқандардың қатарында «Айлин» есімімен танымал әнші Əсем Жəкетаева да бар. Ол Instagramдағы парақшасында той көйлегімен түскен суретін жариялады.

Жаз кезінде белгілі тележүргізуші Алан Черкасов пен Анастасия Клещенко отау құрды. Той Алматыда ашық аспан астында өтті. Жұлдызды жұп жақында балалы болды.

Олар қызына Арнелла есімін берді. Биыл əнші Динара Қырықбаева да неке жүзігін тақты. Оның таңдауы Олжас есімді азаматқа түскен. Олар да сəби күтіп отыр. Қыркүйекте қоғам назарын аударған тағы бір той өтті. Бұл жолы Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың тойы өтті. Аша Матай қазақтың ұлттық дəстүріне сай жөн-жоралғымен ұзатылды. Тойға шоу-бизнесте жүрген үлкен-кішінің бәрі барды. Жұлдызды жұп бал айын Бали аралында өткізгенін мақтанышпен әлеуметтік желіде жариялады.