Домой Жаңалықтар «Агромашхолдинг» АҚ ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін өткізді

«Агромашхолдинг» АҚ ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін өткізді

105
0

Қостанай облысында кезекті егін жинау науқанына 2 ай қалды. Қазірдің өзінде диқандар жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алуға қамданып жатыр. Шетелден де елімізден де ұсыныстар өте көп. «Агромашхолдинг» АҚ шаруаларға техникалардың көрмесін ұйымдастырды.

Өткен жылы зауыттан 350 ауыл шаруашылығы машинасы шығарылды. Енді бұл санды жылына бес жүзге дейін жеткізуді жоспарлады. Шаруалар көп жағдайда отандық техникаларды таңдайды. Себебі бағасы мен сапасы жөнінен бізде шығарылған комбайндар тиімді.Көптеген көліктерде көрме ашылмастан бұрын сатылып кетті деген жазу тұрды. Мамандар осындай кездесу диқандарға жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын өз көздерімен көруге зор мүмкіндік екенін алға тартады.

Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 11 мың комбайн бар. Алайда олардың ішінде жоғары өнім беретіні 30 пайыздан аспайды. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен басқа «Қазагро» секілді бірнеше қаржы институтары да көрмеге шақырылды. Олар диқандарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы техиикаларды сатып алуға болатынын ескертті. Көрме барысында диқандар мен өндірушілер арасында бірнеше келісім-шарт бекітілді.