Домой Жаңалықтар Алматыда із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевтің мүрдесі Есентай өзенінен табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевтің мүрдесі Есентай өзенінен табылды

190
0

Бүгін Алматыдағы Есентай өзенінде, Тимириязев көшесінің төменгі жағында белгісіз адамның мүрдесі табылған болатын. Көп ұзамай ол Сафар Шәкеевтің мүрдесі екендігі анықталды. Бұл туралы жаңа ғана Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Оның айтуынша, қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, құтқарушылар, дәрігерлер жұмыс істеуде. Суға батып кеткен адамның аты-жөні анықталып жатыр.
«Табылған мүрденің аты-жөні анықталды. Ол — Сафар Шәкеев. Оның қалтасынан жеке бұйымдары мен құжаттары табылды. Қазір оның қандай себептен көз жұмғаны жайында сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді С. Әзірбек.
Естеріңізге сала кетелік, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны жайлы арыз 16 шілде күні кешке 22:0-де Медеу аудандық Ішкі істер басқармасына келіп түскен еді. Содан бері белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті іздеу шарасына 170-тен астам адам қатысты-деп хабарлайды ҚазАқпарат.