Домой Жаңалықтар Аманкелді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Аманкелді ауданына жаңа әкім тағайындалды

385
0

Облыс әкімі жарлығы бойынша, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Аманкелді ауданының әкімі болып Нұржан Кайыржанұлы Өтегенов тағайындалды.

Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қостанай таңы» хабарлады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданның жаңа әкіміне бірнеше нақты міндеттер жүктеді. А.Мұхамбетов аудан басшысына ауыл шаруашылығын қолдауға нақты шаралар қабылдап, жаңа агротехнология тұтынысын арттыруды, мал шаруашылығын мандытуды және ауданның әулеуметтік әлеуетін көтеруге ден қоюды тапсырды.

Айта кетейік, Нұржан Қайыржанұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ұлты — қазақ, білімі — жоғары. 1999 жылы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ін қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша бітірген. 2012 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы тағайындауға дейін Федоров ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.