Домой Жаңалықтар Қант пен күнбағыс майын қымбаттатып жіберген саудагерлерге қатысты тексеру басталды

Қант пен күнбағыс майын қымбаттатып жіберген саудагерлерге қатысты тексеру басталды

252
0

Ұлттық экономика министрлігі қант пен күнбағыс майын көтерме саудада өткізушілерге қатысты тергеулерді бастады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап  baq.kz.

Азық-түлік өнімдеріне бағалардың алыпсатарлық өсуіне және оларды жеткізуді шектеуге жол бермеу бойынша жұмыс шеңберінде ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті монополияға қарсы заңнаманың бұзылу жағдайларын анықтады.

Қазір бірқатар азық-түлік тауарлары нарық субъектілеріне қатысты тергеулер басталды. Атап айтқанда, Павлодар облысында қант тасымалдаумен айналысатын 4 кәсіпкер сөз байласу арқылы өнім бағасын қолдан өсірген. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында күнбағыс майын қолдан қымбаттатқан саудагердің де бұл ісі тексеріліп жатыр.Тергеулердің соңғы нәтижелері туралы министрліктің өкілдері қосымша хабарлайтын болады.