Домой Жаңалықтар Арқалық қаласына жаңа әкім тағайындалды

Арқалық қаласына жаңа әкім тағайындалды

266
0

Амантай Балғарин Әулиекөл ауданының әкімі қызметінен босатылды. Облыс әкімі оның 3 жылғы қызметіне оң баға беріп енді Амантай Балғаринді Арқалық қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады.

Облыс басшысы Арқалық қаласының жаңа әкіміне бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Сонымен қатар облыс басшысы жылу мерзіміне дайындық, бу қазанын жөндеу және Арқалық ЖЭК үшін мазут дайындау мәселесіне назар аударды.

Амантай Кәкімбекұлы 1962 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1994 жылы  Алматы зооветеринарлық  институтын ветеринария мамандығы бойынша, 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.2011 жылдың қарашасынан 2013 жылдың маусымына дейін — Науырзым ауданының әкімі болып істеді. 2013 жылдың маусымынан 2016 жылдың маусымына дейін — Әулиекөл ауданының әкімі болып қызмет атқарды.