Домой Жаңалықтар Арқалықта екі жігіт мұз астына батып кетті

Арқалықта екі жігіт мұз астына батып кетті

88
0

Арқалықта екі жігіт мұз астына батып кетті, деп хабарлайды kstnews.kz.-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Қостанай облысы ІІД мәліметі бойынша, «102» кезекшілік пультіне 26 қазан күні сағат 22.26 кезінде 27 жастағы жігіттен оның достары су қоймасына батып бара жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Арқалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің басшысы полиция майоры Әбу Төртқарин су қоймасы қала орталығында екенін айтты. «Жергілікті 4 жігіт ол жерге ішімдік ішуге келген. Мас болған олар мұздың қалыңдығын тексермек болады. Жігіттердің біреуі жағалауда қалған», — деді майор.

Белгілі болғандай, жұқа мұз ойылып кетіп, үш жігіт батып кеткен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері суға түседі. Алайда жігіттердің тек біреуін ғана құтқара алған. Қалған екеуі батып кетті.