Домой Жаңалықтар «АСТАНА ЭКСПО» компаниясынан 10 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған

«АСТАНА ЭКСПО» компаниясынан 10 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған

107
0

«АСТАНА ЭКСПО» -компаниясынан 10 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланған.

Бұл туралы бүгін Мәжілісінің жалпы отырысы барысында журналистерге берген сұхбатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, «Астана ЭКСПО» компаниясының бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазіргі күні жемқорлық қылмысымен айыпталушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстыру үдерісі жүзеге асуда. «Тұтастай алғанда осы іс бойынша 24 тұлға тергелуде, ал иелену арқылы ұрланған сома жалпылама алғанда 10 млрд 200 млн теңгеден асады. Соның ішінде Ермегияев мырзаның тікелей 4 млрд 200 млн теңгені иеленгені дәлелденіп отыр. Бұл ретте ЭКСПО-ның ақшалай қаражаты есебінен активтер алу секілді мәселелер де бар екенін еске саламын», — деді Қ. Қожамжаров.

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталушылар ЭКСПО-ға бөлінген ақшалай қаражатқа тұрғын үйлер, автокөліктер, қонақ үй кешендерін сатып алғаны анықталған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.