Домой Жаңалықтар Астана мен Челябі арасында жаңа пойыз жолға шығады

Астана мен Челябі арасында жаңа пойыз жолға шығады

323
0

Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында   2016 жылдың  3-ші  шілдесінен бастап жаңа  «Астана-Челябі»  пойызы жолға шығады-деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

«Бұл бағыт   Ресей темір жолы компаниясымен бірлесіп  жолаушылардың Челябіден   №145/146  «Челябі-Мәскеу-Санкт-Петербор» пойызына ауысып мінуі үшін ыңғайлы жасалған. Енді еліміздің Рудный, Костанай және баска елді мекендердің тұрғындары үшін Ресей қалаларына тез жететін тамаша мүмкіндік туып отыр», —  делінген хабарламада.

Пойыз Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Костанай және Троицк стансалары арқылы жүреді.   Астанадан 16 сағат 00 минутта, ал Челябіден 10 сағат 56 минутта аттанады. Челябіге дейін жүретін уақыты — 19 сағат 26 минут, кері қарай -20 сағат 20 минут .

Пойыз   Астана қаласынан 2016 жылдың  2-ші шілдесінен бастап, ал Челябіден  3  шілдеден бастап күнара қатынайтын болады.