Домой Жаңалықтар Ауыр атлетшілердің допинг қолданғаны үшін Қазақстанға 50 мың доллар айыппұл салынды

Ауыр атлетшілердің допинг қолданғаны үшін Қазақстанға 50 мың доллар айыппұл салынды

191
0

Қазақстанға 50 мың доллар айыппұл салынды. Қомақты қаржы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шотына аударылуы тиіс. Айыппұл көлемі допинг қолданған спортшылар санына қарай көрсетілген. 

Ал, 6 бірдей спортшысы допинг қолданған Әзірбайжан құрамасына 200 мың доллар айыппұл салынған. Тыйым салынған дәріні қолданғандар санының көптігінен Ресей спортшылары да көш бастап, 150 мың доллар айыппұл арқалаған. Қазақстан, Молдова және Қытайдың спортшыларыда жарыстардан уақытша шеттетілді. Жоғарыдағы елдер айыппұл ретінде салынған қомақты қаржыны жылдам төлемесе спортшыларға Рио Олимпиадасына берілген жолдамаларлар кері қайтарылады. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының жаппай айыппұл арқалатуы табыс табудың түрі деп бағалағандарда кездесіп отыр. Естеріңізде болса, бұған дейін еліміздің үш бірдей ауыр атлеті Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов, Ермек Өміртай допинг қолданды деп айыптылған еді. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.