Домой Жаңалықтар Қазғарыш Торғай геоглифін зерттеу үшін халықаралық мамандарды тартады

Қазғарыш Торғай геоглифін зерттеу үшін халықаралық мамандарды тартады

256
0

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ  Питтсбург Университетінің (АҚШ) өкілі Рональд Лапортенің (Ronald Laporte) сұрауы бойынша қысқа мерзімде Қостанай облысындағы геоглифтері бар учаскені түсірді.

«Біздің компания Үрпек ауылы (Қостанай облысы Амангелді ауданы) маңындағы геоглифтің суретін жасады.  Қазір Лапорте бастаған халықаралық зерттеушілер тобымен географиялық ақпараттық жүйе құру және геоглифтерді картаға түсіру үшін хат алмасу арқылы келісіп жатырмыз.  Топта Қазақстан мен АҚШ (Питтсбург Университеті мен НАСА) мамандары бар.  Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мүддесі бар және ол Қазақстандағы туризмді дамытуға, сонымен бірге мәдени-тарихи мұра ретінде геоглифтердің сақталуына көмектесе алады», — деді компания президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин.

Еске сала кетейік, Торғай геоглифтерін алғаш рет 8 жыл бұрын 2007 жылы қостанайлық зерттеуші  Дмитрий Дей ашты. Сол кезден ол «Торғай дискавери» жобасын іске қосты. Сонымен қатар, онымен америкалық Питтсбург Университетінің мамандары байланысқа шықты. Д.Дей мақалалары Питтсбург Университетінің және Александрий кітапханасының (Мысыр) сайтында жарияланды. Кейін  Американдық НАСА ғарыш агенттігі қызығушылық таныта бастады. Олар  Торғай геоглифтерінің суреттерін бүкіл әлемге таратты.  Д.Дей геоглифтермен байланысты жобаны «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.