Домой Жаңалықтар Қазақстан халқының 25 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады

Қазақстан халқының 25 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады

106
0

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халқының 25 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков айтты.

Елбасы дене шынықтыру арқылы ұлт саулығын және балалар спортын дамытуды алға қойды. Президент халықтың 30 пайызының спортпен айналысуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы міндетті орындауға бағытталған барлық шаралар тұжырымдамада көрініс тапқан.Өткен жылдың нәтижесінде бұл көрсеткіш 25 пайызды құрады. Халықты бұқаралық спортқа тарту үшін көптеген жұмыс жасалып жатыр. «Мысалы, халықаралық президенттік тест тапсырып жатырмыз. Қазірдің өзінде оған 2,5 миллионнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, спорт нысандарын салу жобасы іске асырылып жатыр. Жыл сайын бізде спорт жарыстары өтеді. Биыл Астанда дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Бұл да елімізде спортты дамытуға жақсы көмектеседі, – дейді С. Мұсайбеков.

– Қазір Олимпиадаға қызу дайындық жүріп жатыр. Спортшылар әзірге 26 жолдама жеңіп алды. Биылғы жылдың соңына дейін жолдама санын 35-40-қа жеткізу көзделген. Жалпы жоспар бойынша 27 спорт түрінен 100-ден астам лицензия алу мақсатымыз бар, –дейді ол.

Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді. Әзірге жолдама алған спорт түрлерінің қатарында бокс, күрес, жеңіл атлетика бар. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.