Домой Жаңалықтар Қазақстанда теледидарға қарағанда интернетті көп пайдаланады

Қазақстанда теледидарға қарағанда интернетті көп пайдаланады

122
0

Қазақстанда теледидарға қарағанда интернетті пайдалану үлесі басымырақ.

Бұл туралы бүгін Астанада«Қазақтелеком: инновациялар стратегиясы» форумы барысында «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз баршамыз телекоммуникация қызметтерін пайдаланушы болып табыламыз. Қазіргі кезде статистика бойынша орташа үй шаруашылығы интернетпен салыстарғанда теледидарды аздау қосып жүр. Егер де теледидарды аптасына орташа алғанда 5 сағат көрсе, интернетте отыратын уақыт 12 сағаттан асып түседі»,-деді Қ. Есекеев.

Айта кетейік, «Қазақтелекомның» интернетке белгіленген кең жолақты желісімен қосылған абоненттерінің үлесі 1,5 миллионнан астам, бұл өз кезегінде нарықтың 75 пайызы.