Домой Жаңалықтар Қазақстандықтар шет елдерде емделуге жылына шамамен 280 млн доллар жұмсайды

Қазақстандықтар шет елдерде емделуге жылына шамамен 280 млн доллар жұмсайды

194
0

Қазақстандықтардың арасында халықаралық медициналық туризмге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Шет елдерге барып емделуге қазақстандықтар жылына шамамен 280 млн доллар жұмсайды.

Бұл үрдіс 2015 жылы да сақталды. Биыл да сақталуда. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медицина туризмі нарығы. Маңызды бағыттар мен сұранысқа ие медициналық қызметтер» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында халықаралық «Седжон Еуразия» медициналық орталығының өкілі Айнұр Жоламанова мәлімдеді.

«Қазіргі таңда қазақстандықтар әсіресе кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, ортопедия, экстракорпоральды ұрықтандыру, органдар мен тіндерді ауыстырып салу салалары бойынша негізінен Германия, Израиль, Оңтүстік Корея, Сингапур және Түркия елдеріне барып емделгенді жөн санайды. ет елдерге барып емделуге қазақстандықтар жылына шамамен 280 млн. доллар жұмсайды. Бұл үрдіс 2015 жылы да сақталды. Биыл да сақталуда», — деді А. Жоламанова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2017 жылға қарай, Global Spa & Wellness Sammit   ұйымының дерегінше, медициналық туризм нарығы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне қарай ойысады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.