Домой Жаңалықтар Қазақстандық туристі Тайландта тук-тук қағып өлтірді

Қазақстандық туристі Тайландта тук-тук қағып өлтірді

209
0

Жексенбі күні Хуахинде қазақстандық турист тук-тук дөңгелегінің астына түсіп, қаза тапты. Ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан , деп хабарлайдыThaigovno.

Оқиға кәгерлерінің айтуынша, 48 жастағы Кобет әйелі екеуі Маркет Вилладждан заттар сатып алған. Туристер жаяу жүргіншілер жолымен өте бергенде, аяқ астынан тук-тук көлігі пайда болған. Оның 53 жастағы жүргізушісі Самнук жоғары жылдамдықпен келіп, туристі қағып кеткен. Бассүйек-ми жарақатын алған турист оқиға орнында жан тапсырды.

Тайландтық әлеуметтік желі қолданушылары билікке бұл маңай жиі апат болатын жер екенін айтып, бағдаршам орнатуды ұсынды.  Көлік жүргізушісіне адам өлтіру фактісі бойынша айып тағылады.