Домой Жаңалықтар ҚАЖК: Қамау мекемесiнде террорист пен ұрыны араластырмаймыз

ҚАЖК: Қамау мекемесiнде террорист пен ұрыны араластырмаймыз

140
0

ҚР IIМ қылмыстық атқару жүйе комитетi төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев қамау мекемесiне түскен адам сол жерде радикалды дiни ағымның ықпалына ерiп кетедi деген пiкiрмен келiспейтiнiн айтты.

Бұл туралы ол бүгiн «Пробация туралы» заң жобасын талқылауға арналған халықаралық дөңгелек үстел барысында журналистердiң сұрағына жауап бере отырып, мәлiм еттi.

«Колонияға түскен адам сол жерде радикалды дiни ағымның ағынына ерiп кетпеу үшiн алдын алу шараларын жүргiземiз. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрге кешендi алдын алу шараларын жүргiземiз. Радикал қылмыскерлердiң әрқайсысымен жеке жұмыс iстеймiз»,-деген М.Аюбаев басқа қылмыс жасап, бiрақ қамау мекемесiнде радикалдармен араласып кетуi мүмкiн емес дейдi.

«Ондай жағдайлар болған жоқ. Экстремизм үшiн сотталғандармен жеке жұмыс iстеймiз. Бiз ғана емес, өзге арнайы қызметтер, теологтар жұмыс iстейдi. Нақты жұмыс бар. сондықтан, адам сотталып, колонияда радикалды дiни ағымға ерiп кеттi дегенмен мен мүлде келiспеймiн»,- дейдi ол.

Колонияда  экстремизм үшiн сотталған адам мен басқа қылмыскер араласа ма деген сұраққа ол: «Тағы қайталап айтамын, экстремизм үшiн сотталған адамдармен бiз жеке жұмыс iстеймiз. оның айналасындағылармен жеке жұмыс iстеймiз. Әрiптестер, ресми түрде қайталап айтамын, бұл мәселелер мақсатты», — дедi. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.