Домой Жаңалықтар «Азия балалары» халықаралық ойындарында қостанайлық оқушы алтын иеленді

«Азия балалары» халықаралық ойындарында қостанайлық оқушы алтын иеленді

138
0

Тұрсынай Қабыл барлық бос уақытын спортзалда өтізеді. Ол 16 жасынан бастап пауэрлифтингпен айналысады. Мүгедектердің  спорт клубының тәрбиеленушісінің тірек-қимыл жүйесі бұзылған. Тұрсынайдың бойы 120 см, ал салмағы 40 келі. Бала кезінен ол күреспен және гимнастикамен шұғылданды. Ал пауэрлифтингпен айналысқанына бір жыл болыпты. Тұрсынай осы ауыр атлетикадан жетістіктерге жетті.

16 жасында спорт шебері атанды. Жақын күндерде жаттықтырушысымен бірге Саха республикасындағы Якутск қаласында өткен «Азия балалары» халықаралық ойынынан оралды. Оқушы қыз алтын медаль жеңіп алды. Тұрсынай жеңістің оңай келмегенін айтады. «Азия балалары» халықаралық ойындарына әлемнің 38 елінен үш мыңдай спортшы қатысты. Ауыр атлетикадан осы Тұрсынай үздік атанды. 45 келіге дейінгі салмақ бойынша ол 61 келілік штанг көтеріп, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлігіне нормативті 11 келіге асырды. Тұрсынай ең басты мақсаты параолимпиадалық ойындарға қатысу екенін айтады.