Домой Жаңалықтар Бүгін Қазақстан армиясы түнгі дабыл бойынша көтерілді

Бүгін Қазақстан армиясы түнгі дабыл бойынша көтерілді

207
0

Бүгін түнде оқу дабылының белгісі бойынша Қазақстанның Қарулы күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Биылға әскерлер түнгі уақытта алғаш рет көтерілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Бұл қазақстандық армияның жауынгерлік әзірлігін тексерудіің ерекшелігі болып табылады. Бұл ретте диверсиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Бөлімшелер жедел тапсырма алды, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Қарулы күштер ауқымындағы оқу дабылы — осы апта бойы еліміздің Қарулы күштерінде өтіп жатқан жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтардың соңғы бөлігі. Іс-шаралар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша өткізілді.

Ең алдымен бөлімшелер мен взводтар деңгейінде, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар (әскер тектері), содан кейін әскер түрлері мен жалпы ҚР ҚК деңгейінде өтті.

Әскери жанжалдар сипатының күрт өзгеруі, сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерінің енгізілуі жағдайында әскери қызметшілерге өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру, қысқа мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыруға, ұйымдасқан түрде қарсыласпен ұрысқа түсуге және қойылған тапсырманы орындау үшін ұдайы жауынгерлік әзірлікте болу маңызды.