Домой Жаңалықтар Бүгін елордада марқұм Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтеді

Бүгін елордада марқұм Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтеді

322
0

Бүгін, 4 шілде күні елордадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында марқұм Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтеді.

««University Medical Center» корпоративтік қоры аталған қордың басқарма төрайымы, белгілі қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Қайырбекова Салидат Зекенқызының мезгілсіз қайтыс болғанын қайғырып хабарлайды. Марқұммен қоштасу рәсімі 2016 жылғы 4 шілдеде, сағат 13:00-де «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мәжіліс залында өтеді», делінген қор жолдаған хабарламада.

2016 жылғы 5 шілдеде сағат 11:00-де Қарағанды облысы, Нұра ауданы Киевка кентінде марқұмды жерлеу рәсімі болады.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.