Домой Жаңалықтар Б. Ізмұхамбетов Мәжіліс төрағасы қызметінен кетті

Б. Ізмұхамбетов Мәжіліс төрағасы қызметінен кетті

112
0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов өз еркімен отставкаға кетті. Палата депутаттары Төрағаның отставкасын қабылдады. 

«Мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы қызметіне тағайындалуыма байланысты Мәжіліс төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге отставкамды қабылдауларыңызды сұраймын», деді Б.Ізмұхамбетов. Сонымен қатар, ол осы уақыт аралығында бірге қызмет еткен әріптестеріне ризашылығын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төралқасының кезектен тыс отырысы өтіп, оның барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов кеңес төрағасы болып сайланғанын айтқан болатын. «Еліміз үшін бұл өте маңызды мәселе. Көптеген көрнекті қайраткерлердің басын қосып отырған ұйым ардагерлердің мәселесімен де, жастардың адамгершілік тәрбиесімен де айналысады, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.