Домой Жаңалықтар Бес жылда 144 полиция қызметкері қызмет бабы барысында қаза тапқан

Бес жылда 144 полиция қызметкері қызмет бабы барысында қаза тапқан

127
0

Бес жылда 144 полиция қызметкері қызмет бабы барысында қаза тапқан.

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлім етті-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокурордың пікірі бойынша, әлем жаһандық қауіп-қатермен бетпе-бет келді оның ең қауіптісі — лаңкестік.

«Бұрын біз сыртқы жаудан секем алушы едік. Қазір іштен шыққан жаудың қатері одан да қауіптірек. Мемлекет басшысы полиция мен күш құрылымдардардың лаңкестермен күресте үлкен рөлін атап өтті және xалыққа оларға қатысты көзқарастарын өзгертуді шақырды. Полицейлер қоғам тыныштығын күні-түні қорғап келеді. Соққыны өздеріне қабылдайды. Көбіне олар — өз ісіне адал, нағыз кәсіби, өз өмірлерін беруге дайын мамандар. Соңғы бес жылда біз қызмет бабы кезінде 144 полиция қызметкері қаза тапқан», — деді ол ҚР Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.