Домой Жаңалықтар Бес жылдан соң мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беру тоқтатылады

Бес жылдан соң мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беру тоқтатылады

140
0

2021 жылы жоғарғы білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруден толығымен бас тарту көзделген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бұл туралы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде өткен кеңейтілген коллегиялық отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

 

«2021 жылы жоғарғы білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруден толығымен бас тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл отандық жоғарғы оқу орындарының сапалы білім берудегі жауапкершілігін арттыратын болады», деді Ерлан Сағадиев.

Жиын барысында Ерлан Сағадиев ректорды қызметке тағайындау тәртібі ашық түрде жүргізілетіндігін жеткізді.

«ЖОО-да ректорды тағайындау тәртібін ашық өткізуді жоспарлаудамыз. Ректорды қызметке тайындау кезінде абыройдың тазалығына, жоғарғы оқу орнының дамытуға ұсынған бағдарламасына баса мән беріледі», — деді министр.

Секциялық отырыста білім беру кадрларын даярлау, білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары білім беруді дамыту мәселелері сөз болды.