Домой Жаңалықтар «Еңбек Даңқы кітабы» Қостанай қаласына тапсырылды

«Еңбек Даңқы кітабы» Қостанай қаласына тапсырылды

160
0

2016 жыл Қостанай облысы үшін мерейтойларға толы жыл. Биыл өңірдің құрылғанына 80 жыл. Осы мереке қарсаңында «Еңбек Даңқы кітабы» жарыққа шықты. Оған бірнеше қала мен 19 ауданның құрметті адамдарының тізімі кірді.

7 маусымда Федоров ауданы жинақты Қостанай ауданына салтнатты жағдайда тапсырған болатын. Кітапқа ауданнан 283 есім кірді. Олар Социалистік еңбек ерлері, өндіріс көшбасшылары.

Қостанай облысының Еңбек Даңқы кітабы бір жыл бойы аудандарды аралап жүр. Ол Меңдіқара ауданынан бастау алған еді. Енді жинақ облыс орталығына тапсырылып, Қостанай қаласының әкімі жинақты салтанатты жағдайда қабылдады. Барлық еңбек ерлерінің есімдері  жазылғаннан кейін кітап облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады.