Домой Жаңалықтар Елбасы Жарлығымен жаңа Инвестициялар және даму министрі тағайындалды

Елбасы Жарлығымен жаңа Инвестициялар және даму министрі тағайындалды

125
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды. Ал бұған дейін осы министрлікті басқарған Әсет Өрентайұлы Исекешев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.  

Әсет Исекешев — 1971 жылдың 17 тамызында Қарағанды қаласында туған.

2003 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі лауазымына тағайындалды.
2006 жылы «Қазына орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2007 — 2008 жылдары «Credit Swiss» (Қазақстан) компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.
2008 жылғы ақпан — 2009 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі;
2009 жылғы мамырдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі;
2010 жылғы наурыздан бастап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылғы қантардан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылғы қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2014 жылғы 6 тамыздан қазіргі қызметіне дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі болды-деп хабарлайды ҚазАқпарат.