Домой Жаңалықтар Елбасының қатысуымен бірқатар жаңа жобалары іске қосылады

Елбасының қатысуымен бірқатар жаңа жобалары іске қосылады

115
0

1 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен телекөпір өтіп, онда индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламасы аясындағы бірқатар жаңа жобалар іске қосылады.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 шілдеде Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтеді. Онда индустрияландыру бағдарламасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары қаралады. Шара барысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудың жаңа қадамдары таныстырылады. Бұнда бірқатар түзетулер күтіліп отыр»,  — деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір барысында бірінші жартыжылдықтың негізгі жобалары іске қосылады. Атап айтқанда, осы кезеңде жалпы құны 175,5 млрд теңгені құрайтын 30 жаңа жобаны жүзеге асыру күтіледі.

Қ. Жұмабайұлының айтуынша, бұл негізінен инвесторлардың өздерінің қаражатына, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден тартылған қаражаттарға салынып жатқан жобалар болып отыр.