Домой Жаңалықтар Елімізде былтырғы жылмен салыстырғанда жол апаты азайған

Елімізде былтырғы жылмен салыстырғанда жол апаты азайған

Былтырғы жылмен салыстырғанда жол апаты оқиғалары мен жарақат алу жағдайлары азайған, деп мәлім етті ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап ҚазАқпарат.

«Осы жылы елімізде 15,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары болып, 22 мыңнан астам адам зардап шеккен. 2 089 адам қаза болған, бұл көрсеткіш 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға азайған. Зардап шеккендердің жалпы санының 17,8%-ы — балалар. Қоғамдық көліктің қатысуымен  973 ЖКО болған, 89 адам қаза болған және 1 375 адам жарақат алған. 500-ден астам жағдайда автобустардың жүргізушілері кінәлі», деді қадағалау органының ресми өкілі.

Айта кетерлігі, Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясы уәкілетті меморгандар мен үкіметтік емес сектордың сарапшыларымен бірлесіп Жол қауіпсіздігінің ұлттық тұжырымдамасы жобасын әзірледі. Жобаның негізгі мақсаты — 2020 жылға қарай Қазақстанда ЖКО-дан болатын өлім-жітімді 100 мың тұрғынға шаққанда 6 адамға дейін азайту, перспективада жол апаттарынан болатын өлім-жітімнің минималды деңгейіне қол жеткізу.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ