Домой Жаңалықтар Елімізде оқу орындарын бітірген түлектердің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс таба...

Елімізде оқу орындарын бітірген түлектердің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды

139
0

Елімізде жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің 40  пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба туралы келісімді талқылау барысында депутат Мұрат Бақтиярұлы осындай мәселені көтерді.

«Бүгінгі күні еліміздің қолданыстағы білім беретін кәсіби стандарттары да, оқу жоспарлары да нарық талабына сәйкес келмейді. Сондықтан да еліміздің экономикасында білікті азаматтармен қамтамасыз ету маңызды. Мен министрдің назарын бірқатар мәселелерге аударғым келеді. Біріншіден, жыл сайын елімізде орта кәсіптік жоғары оқы орындарын 150 мыңға тарта түлек бітіріп шығады. Ресми деректерге сүйенсек, орта мектепті бітірген жастардың  63 пайызы жоғары оқу орындарында, 17 пайызы ғана кәсіптік- техникалық білім беру ұйымдарында оқиды. Ал олардың 40 пайыздан астамы өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмайды», — деді сенатор.

Оның айтуынша, осы көрсеткіштердің өзі жыл сайын елімізде нарыққа қажетті емес ондаған мың мамандар даярланып, соның салдарынан жұмыссыздар саны артып отыр. «Сондықтан да бұл мәселені мемлекеттік тұрғыдан реттеу қажет. Бұл үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, болашақта әртүрлі сала бойынша қанша маман қажет екенін белгілеп, болжап біліп отыруы тиіс», деді М. Бақтиярұлы. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.