Домой Жаңалықтар Ер жігіт әйелдер көйлегін ұрламақ болды

Ер жігіт әйелдер көйлегін ұрламақ болды

90
0

21 жастағы азамат әйелдерге арналған көйлекті ұрлады.

Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз мәслихаты хабарлағанындай қылмыс 13 қыркүйек күні қаладағы сауда үйлерінің бірінде жасалған.Көйлекті сатып алған 56 жастағы азаматша затын көзге көрінетін жерде қалдырған. Осы сәтті пайдаланып, ұры су жаңа көйлекті қолына қыстырып, дүкеннен тайып тұрған.

Жедел іздеу барысында жұмыссыз жүрген Лисаков қаласының тұрғыны құрықталып, қылмыс беті ашылды.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.