Домой Жаңалықтар Іздеудегі Лисаковтық кейуананың денесі табылды

Іздеудегі Лисаковтық кейуананың денесі табылды

73
0

Былтырғы жылдың қараша айында 74 жастағы лисаковтық әйел адамның із-түссіз жоғалып кеткендігі туралы ақпарат таратылған болатын.

Кейуана – Нина Коробовадан туысқандары былтыр қараша айында  көз жазған. Үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен азаматшаны Лисаковтың полиция мамандары мен волонтерлары, естіген-білгендердің айтуымен, іздестірген болатын. Сол уақыттан бері еш нәтиже болмай келген. Бірер-күннің шамасында ғана жоғалған әжейдің денесі табылды. Тәртіп сақшылары марқұмның кісі қолынан қаза болғанын айтып отыр. Көп кешікпей, күдікті қолға түсті. Ол қылмысын мойындапты. Айтуынша, қолын қанға былғауына ішімдікке сылқия тойып алуы себеп болған. Көшеде келе жатып, кейуананы соққыға жығып, денесін қоқыс тастайтын шұңқырға лақтырып кете барған.
Бүгінде уақытша қамау изоляторында  отыр. Ол 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.