Домой Жаңалықтар К. Мәсімов Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

К. Мәсімов Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

128
0

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«РФ Үкіметінің Төрағасы Д.А.Медведевке балалардың қазасына әкеп соққан Карелиядағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын», — деп жазды твиттерге К. Мәсімов.

Еске салсақ, 18 маусымда «Парк-Отель Сямозеро» балалар сауықтыру лагерінің қатысушылары Пряжинск ауданындағы су қоймасында қайықпен дауылға ұрынды. Үш қайықта 47 бала, 4 ересек нұсқаушы болған. Дауыл салдарынан қайық аударылып, батып кетті. Соңғы деректер бойынша қаза болған балалар саны — 15.