Домой Жаңалықтар Косарев міндетті медициналық сақтандыруды 2 жылға кейінге шегеруді ұсынды

Косарев міндетті медициналық сақтандыруды 2 жылға кейінге шегеруді ұсынды

31
0

ҚР Парламенті Мәжілісінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысында депутат Владислав Косаревтің міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды 2 жылға шегере тұру туралы ұсынысын талқылады-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз үлкен істі қолға алып жатқандықтан, дайындық жұмыстары байыпты, әрі жұмсақ болуы үшін осы ұсынысты енгіздік. Егер біз бірден енгізіп жіберсек, көптеген қателіктер жасап қоямыз, а л егер соза тұрсақ — онда негізді түрде дайындаламыз», — деді В.Косарев талқылау барысында.

Депутаттың ойынша, қазіргі уақытта жарнаны төлеу жұмыс берушілерге үлкен қаржылық салмақ салуы ықтимал. Дағдарыс барысында онсыз да үлкен қиындықтарға тап болған бизнес үшін бұл ауыр соққы болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар медициналық қызметтерді әкімшілендіру мәселелері түбегейлі шешімін таппаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер — жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Нравится(0)Не нравится(0)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ