Домой Жаңалықтар Лионель Месси екі жылға жуық уақытқа сотталды

Лионель Месси екі жылға жуық уақытқа сотталды

303
0

Әлемге танымал футболшы Лионель Месси мен оның әкесіне салықтан жалтарғаны үшін 21 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесілді, алайда олар жазасын темір тордың ар жағында өтемейді. Оларға €2 млн. және €1,5 млн. көлемде айыппұл салынады.Бұл туралы РБК жазады.

«Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси мен оның әкесі 2007-2009 жылдар аралығында футболшының жарнамадан тапқан €4 млн көлемдегі қаржысына салынатын салықтан жалтарғаны үшін айыпты деп танылды. Каталония соты олардың әрқайсысын 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарған, деп жазады Reuters.