Домой Жаңалықтар Лисаков қаласында анасы жаңа туған нәрестесін терезеден лақтырып жіберді

Лисаков қаласында анасы жаңа туған нәрестесін терезеден лақтырып жіберді

191
0

Қостанай облысының Октябрь кентінде жас әйел барлығынан жасырынып бала босанып, нәрестесін терезеден лақтырып жіберді.

27 желтоқсан күні таңғы сағат 6-да пәтерінде ұйықтап жатқан отбасылық жұпты баланың жылаған дауысы оятты. Жас жұбайлар пакетке оралған тастанды туралы полицияға хабарлап, «жедел жәрдем» қызметін шақырды.

Полицейлер нәрестенің анасын сол күні анықтады — ол 17 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қатты тоңып қалған нәресте — ұл бала Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған пневмония диагнозын қойды.

«Бала босанған бойжеткен Рудный қаласында оқиды, демалысқа ата-анасының үйіне келген. Ол жүктілігі туралы білмегенін айтып,оны босанып жатқанда ғана түсінгенін сендіріп айтуда», — делінген хабарламада.

«Бойжеткен ата-анасының үйінде босанды. Жүктілігі туралы ата-анасына айтуға қорыққан студент қыз түнде дәретханада босанды. Туыстарынан қорыққан ол нәрестені пакетке орап, терезеден лақтырып жіберді. Одан кейін бойжеткеннің өзі қатты қансырап, кейін ауруханаға жеткізілді», — деп түсіндіреді полиция баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Бойжеткеннің туыстарының айтуынша, олар қызының басқа қалада оқуы себебімен оның жүктілігінен хабарсыз болған.

Сот алдындағы тергеу амалдарының барысында баланың болуы мүмкін биологиялық әкесі анықталды — ол 19 жастағы сарбаз болып шықты.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 100-бабы («Анасының жана туған нәрестесін өлтіруі») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың әкесіне қатысты кәмелеттік жасқа толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.