Домой Жаңалықтар Ұлттық банк Астанаға әзірге көшпейді

Ұлттық банк Астанаға әзірге көшпейді

74
0

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Астанға әзірге көшпейді.

Бұл туралы бүгін Алматыда Халықаралық Валюта Қорының Орталық Азия және Кавказ өңірлеріне арналған «Өңірлік экономикалардың даму келешегі» атты баяндамасының таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Әзірге Астанаға көшпейміз. Жалпы, Астанада құрылатын  халықаралық қаржы орталығы Қазақстанда әлі жеткілікті дамымаған басқа қаржы қызметтерін алдағы 5-10 жыл ішінде дамытуға арналған. Олар — қоғамдық және жеке капиталды басқару, Ислам қаржыландыру жүйесі, халықаралық капитал нарығында зейнеткерлік қаржыны басқару және басқа да салалар. Ал банк ритейлі, яғни жеке клиенттерге қызмет көрсету кешені, сақтандыру компанияларының ритейлі қазіргі қаржы секторында, яғни Алматыда жүзеге асырылатын болады. Өйткені, Алматының айналасында 2-3 миллион адам өмір сүреді. Ұлттық банк және оның бөлімшелері де осы жерде орналасқан», — деді Қ. Келімбетов.

Ұлттық банктің төрағасы ұлттық регулятордың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын және қазіргі қаржы үнемдеу жағдайында Үкіметтің көшуді талап етіп жатқан жоқтығын айтты-деп хабарлайды ҚазАқпарат.