Домой Жаңалықтар Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов жұмысынан босатылды

Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов жұмысынан босатылды

297
0

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағалығынан Қайрат Келімбетовты босатып, оның орнына Президент көмекшісі қызметін уақытша атқарып келген Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышевті тағайындау шешімін шығарды. Сенат Президенттің бұл ұсынысына келісім берді.

«Бүгін ҚР Президенті өз Жарлығымен Қайрат Келімбетовты ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатты. Конституция талаптарына сәйкес Президент Сенатқа Ұлттық банк төрағасын тағайындауға келісім беру үшін ұсыныс енгізді», — деді Сенат отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин.

Оның атап өтуінше, 39 жастағы Данияр Ақышев 18 жыл Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, оның ішінде 7 жыл Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған. Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі соңғы уақытта Президент көмекшісі қызметін уақытша атқарған.

Сенат депутаттары Президенттің шешіміне қолдау танытып, бірауыздан келісім берді-деп хабарлайды baq.kz.