Домой Жаңалықтар Ұлттық банк теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын түсіндірді

172
0

Ұлттық банк теңгенің айырбастау бағамының өзгеруін түсіндірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы Ұлттық банкі монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджанов мәлімдеді.

Бұл ретте теңгенің бағамына нарыққа қатысушылардың күтулері, бюджет қаражатының қозғалысы, салық төлеу кезеңдері және соңғы айлардағы — долларсыздандыру үрдісі сияқты ішкі факторлар да әсер етеді.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың шілдесінде мұнай бағасының төмендеу үрдісінің байқалғанын, оған мұнай өнімдері нарығындағы ұсыныс көлемінің өсуі, АҚШ-тағы мұнайдың жеткілікті қоры туралы деректердің жариялануы, сондай-ақ АҚШ-тағы бұрғылау ұңғымалары санының ұлғаюы да себепші болғанын атап өтті.

«Соңғы кезде рубльдің серпіні мұнай бағасының өзгеруіне сезімталдықтың төмендегенін көрсетті. Соған қарамастан, рубльдің АҚШ долларына қатысты құны мұнай бағасының құлдырауы аясында төмендеді», — деп толықтырды Ә. Мұхамеджанов.

Осылайша, оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген факторлар 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Қор биржасында теңгенің 350.2 деңгейге дейін әлсіреуіне себеп болды.