Домой Жаңалықтар Мемлекет басшысы ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты В.Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты В.Путинге көңіл айтты

85
0

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Ресейдің «Когалымавиа» компаниясының «Airbus A321» ұшағы апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz.

Жеделхатта апат салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту сөзін жеткізуді өтінді.