Домой Жаңалықтар Мемлекет басшысы үш облыс басшыларымен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы үш облыс басшыларымен кездесу өткізді

95
0

Мемлекет басшысы Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен кеңес өткізді, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, Ақмола облысының әкімі С.Кулагин, Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтанов ауыл шаруашылығының дамуына және жиын-терін науқанын өткізу дайындығына қатысты есеп берді. Өңір басшылары сондай-ақ Мемлекет басшысына облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңдегі міндеттер туралы баяндады.
Мемлекет басшысы үш облыстың жиын-терін науқанын өткізуге дайындығына тоқтала келіп, оның қарқынын күшейту қажеттігін айтты.
Бүгінде мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Дегенмен, аграрлық сектор әлі экономиканы әртараптандырудың тірегіне айнала қойған жоқ. Бұл еңбек өнімділігін дамыту саласындағы үлкен резервке, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін кеңейтуге, салаға сыртқы инвестицияларды тартуға қатысты, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл ретте ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелеріне мұқият назар аудару қажеттігін атап айтты.
Бес жылда үш облыс субсидия түрінде 135 миллиард теңге және лизингпен 3,5 мың техника, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 51 мың бас асыл тұқымы мүйізді ірі қара алды, – деді Мемлекет басшысы.